Қазақстан Лукойл санкцияларының ықпалын азайтуға күш салуда

Қазақстан "Лукойл" компаниясына қатысты санкциялардың ықтимал әсерін азайтуға бағытталған шараларды қолға алып жатыр, деп хабарлайды LS.

Ақордада өткен іс-шараның кулуарында "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының басшысы Нұрлан Жақыпов "Лукойлдың" Қазақстандағы активтеріне қатысты жағдайды түсіндірді.

"Біздің кеңесшілер бұл компанияға қатысты енгізілген санкциялардың ықтимал теріс ықпалын барынша азайту бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл – үздіксіз процесс. Ақпарат үнемі жаңарып отырғандықтан, жұмыс тоқтаған жоқ. Тиісті комплаенс-қызметтер жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр", – деді ол.

Жалпы, оның айтуынша, бұл айтарлықтай күрделі процесс.

"АҚШ үкіметі Қазақстандағы "Лукойл" қатысатын бірқатар жобаларды – Теңіз, Қарашығанақ консорциумы және Каспий құбыр консорциумын санкциялық шектеулерден шығарды. Дегенмен, біз жағдайды үздіксіз бақылауда ұстап, "ҚазМұнайГаз" бен "Самұрық-Қазына" тобы үшін туындауы мүмкін барлық тәуекелдер мен теріс салдарды барынша төмендетуге жұмыс істей береміз", – деп қорытындылады Н. Жақыпов.

Бұған дейін, LS редакциясы "Лукойл" төңірегіндегі ахуалдың Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін екенін жазған. Каспий құбыр консорциумы, Қарашығанақ және Теңізшевройл компанияларына "Лукойлмен" операциялар жүргізуге рұқсат берілген, бірақ белгілі бір шектеулер бар.

Сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" компаниясы Қарашығанақтағы "Лукойл" үлесін сатып алу туралы тараған ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Еске салсақ, "Лукойлдың" Қазақстандағы жобаларына мыналар кіреді: "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг B.V." (13,5%), "Теңізшевройл" (5%), "Каспий құбыр консорциумы (12,5%), "Қаламқас-теңіз – Хазар" жобасы (50%), "Әл-Фараби Operating" (49,99%). Ал "ҚазМұнайГаздың" үлесі: Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг – 10%, Теңізшевройл – 20%, Каспий құбыр консорциумы – 19%, "Қаламқас-теңіз – Хазар"- 50%, "Әл-Фараби Operating – 50,01%.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ