Қаржы министрлігі бизнестің жаппай көшуі туралы қауіпті жоққа шығарды


Қаржы министрлігі сарапшылардың бизнестің Қазақстаннан жаппай кетуі мүмкін деген пікірлерімен келіспейді, деп хабарлайды LS.

Мәжіліс кулуарында қаржы министрі Мәди Такиев журналистердің жаңа Салық кодексіндегі жекелеген нормаларға байланысты компаниялардың басқа елдерге көшу ықтималдығы туралы сұрақтарына жауап берді.

"Мұндай жаппай көшу жоқ. Бұл – шындыққа жанаспайтын әңгіме. Кейбіреулер шетелде салық аз дейді, бірақ іс жүзінде ол елдерде де салық шектері мен айналым талаптары бар. Тіпті бизнес басқа елге көшсе де, қазақстандық салық төлеуші болып қала береді, өйткені негізгі мүдделері Қазақстанда. Соның салдарынан қосымша салықтар төлеуге тура келеді. Сондықтан бизнес үшін шетелге көшу тиімсіз", – деді министр.

Өз кезегінде қаржы вице-министрі Ержан Біржанов та кәсіпкерлердің шетелге жаппай көшуі мүмкін деген мәлімдемелерге пікір білдірді.

"Бұл дұрыс емес. Егер жеке кәсіпкер, мысалы, Өзбекстанда немесе Қырғызстанда тіркеліп, тауарын Қазақстанға сатса, салық азаймайды, керісінше көбейеді. Өйткені тауарды елге кіргізгенде 16% ҚҚС төлеуі керек. Қызмет көрсетсе де ҚҚС салынады. Яғни салықтық жүктеме бұрынғыдан жеңіл болмайды. Оған қоса, резидент еместікке байланысты қосымша мәселелер туындайды", – деп түсіндірді ол.

Бұған дейін, Салық альянсы шегерімдерге тыйым салу нормасы дискриминациялық сипатқа ие екенін және бұл бизнестің басқа елдерге жаппай көшуіне себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ