Қазақстанда рубльге сұраныс артты
Қазақстанның шығысы мен батысында Ресей валютасы белсенді түрде сатып алынды, деп хабарлайды LS.
Ұлттық банктің мәліметінше , қазан айында еліміздің айырбастаушылары 197,3 млрд теңгеге шетел валютасын сатқан. Бұл ағымдағы жылдың басындағыдан 9,04%-ға аз.
Сатудың негізгі көлемі долларға тиесілі – 170,1 млрд теңге (қаңтармен салыстырғанда – 10,5%). Дәстүр бойынша АҚШ валютасының басым бөлігі Шымкент, Алматы және Астанада сатып алынды.
Сондай-ақ, Еуроға сұраныс төмендеді: 21,6 млрд теңгеден 18 млрд теңгеге дейін (-16,7%).
Сонымен қатар, халықтың Ресей валютасына деген қызығушылығы айтарлықтай өсті. Егер қаңтар айында айырбастаушылар рубльді 4,8 млрд теңгеге сатса, қазан айында – 8,8 млрд теңгеге. Өсім – 1,8 есе.
Өңірлер бөлінісінде рубльдер БҚО-да шамамен 1,5 млрд теңге, ШҚО-да – 1,05 млрд теңге, Қарағанды облысында – 833,9 млн теңге сатып алынды.
Қытай валютасына сұраныс жоғары. Өткен айда халық 153,8 млн теңгеге (+2,3 есе) юань сатып алды.