Қазақстанда қаржы пирамидалары 12,7 млрд теңгеге шығын келтірді


Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 12 млрд теңгеден астам қаржы берді. Мұндай деректерді LS-ке ішкі істер министрлігінде (ІІМ) ұсынды.

LS-тің ресми сұрауына жауап ретінде құқық қорғау органдары 2023 жылдың тоғыз айында қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару фактілері бойынша 24 құқық бұзушылық тіркелгенін атап өтті. Барлығы 53 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 228 адам жәбірленуші деп танылды.

2022 жылдың ұқсас кезеңінде осындай 36 қылмыс тіркелген. Жалпы келтірілген залал 4,6 млрд теңгені құрады.

"Аталған мәліметтер ел бойынша барлық көріністі көрсетпейді, өйткені қылмыстық-процестік Кодекстің 187 және 191 баптарының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органдарымен қатар экономикалық тергеп-тексеру қызметі де жүзеге асырады", — деп түсіндірді министрлікте.

Қаржы мониторингі агенттігі осы жылдың тоғыз айында ведомство өндірісінде қаржы пирамидасын құру фактілері бойынша 135 қылмыстық іс болғанын, оның ішінде 59 іс тіркелгенін хабарлады.

Сонымен қатар, 34 финпирамидаға қатысты 80 іс бойынша өндіріс аяқталды. Осы фактілер бойынша 4 мыңнан астам адам жәбірленуші деп танылды.

Ағымдағы жылдың 9 қазанына тергеу жұмыстары 20 қаржы пирамидасы бойынша жалғасуда.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ