Қазақстан Қытайға көбірек бидай сатуға ниетті
Қазақстан Орталық Азия елдерінің нарығын жоғалтуда, бірақ Қытайға жеткізілімдерді ұлғайту үстінде, деп хабарлайды LS.
"Азық-түлік корпорациясы" ҰК төрағасының орынбасары Самат Тенбаевтың айтуынша, соңғы екі-үш жылда Қазақстанның дәстүрлі нарығында – Орталық Азияда бидай мен қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша бәсекелестік күшеюде.
"Біз әдетте 5 млн тоннаға дейін жеткіземіз. Бірақ қазір күшейіп келе жатқан бәсекелестікке байланысты сәуір айынан бастап Қытай нарығын ашу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Негізгі тежеуші мәселе инфрақұрылым, яғни өткізу қабілеті болып табылады", — деп түсіндірді ол.
Жыл басынан бері Қытайға 500 мың тонна қазақстандық бидай жөнелтілген.
"Бұл тек “Азық-түлік корпорациясынан" ғана емес, астықты басқа фермерлер жеткізеді. Ендігі мақсат – экспорт көлемін 1 млн тоннаға дейін жеткізу. Жалпы, Қытай елі бізден 3,5 млн тоннаға дейін сатып ала алады", — деп түйіндеді "Азық-түлік корпорациясының" өкілі.
Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан бидайды қайда сататыны туралы инфографика дайындаған болатын. Сондай-ақ, Қазақстанда бидай мен күнбағыс тұқымдарының арзандағаны туралы ақпарат таратылды