«Қайырымдылық керуені» байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
«Қайырымдылық керуені» байқауы биыл бесінші рет ұйымдастырылған. Іс-шараның өтуіне Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы мұрындық болған. Байқау игі іс жасап, қол ұшын созатын жандарды анықтауға, халықтың азаматтық бастамасын жандандыруға және адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған. |
Байқау номинациялары:
- «Асар» — қайырымдылық қызметі халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтаумен байланысты адамдарға арналған номинация;
- «Туған жер» — білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т.б. салада туған жерге қайырымдылық көмек көрсететіндер үшін;
- «Батыл жүрек» — батырлық пен жанқиярлық үшін. Бұл номинацияда шұғыл қызмет қызметкерлері (ТЖ, ІІМ, Жедел жәрдем және т.б.) арасында қосымша жеңімпаз атағы тағайындалуы мүмкін;
- «Мейірім жолында» — белгілі бір уақыт ішінде тұрақты өтеусіз көмек көрсететіндер үшін;
- «Қайырымдылық тарихы» — номинация қайырымдылық, әлеуметтік мәселелерді үздік жариялағаны үшін журналистке және/немесе шығармашылық ұжымға БАҚ-қа беріледі;
Байқауға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге үлесін қосатын және өзінің игі ісімен өзгелерді ынталандыратын тұлғалар қатыса алады. Ал қызметі мемлекеттік қолдаумен (грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) байланысты тұлғалар қатыспайды.
Өтінім 2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады. Толық ақпарат www.fnn.kz, www.businesswomen.kz сайттарында.