Қазақстан полициясы 25 қазанда күшейтілген режимде жұмыс істейді

25 қазанда елімізде полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 20 мың полицей мен Ұлттық ұланның күші тартылады.

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"24-26 қазан аралығында барлық жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс істейді. Әкімдіктермен бірлесіп, мәдени бұқаралық іс-шаралар өтетін орындар белгіленді. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етілетін күштер мен құралдардың есебі дайындалды. Осы күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылатын полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген.

Полиция жасақтары жұрт көп жиылатын және демалатын орындарға жақындатылады", — деді ІІМ өкілі.

Айдын Оразбаевтың айутынша, бұл орындар жедел бақылау орталықтарының бейнекамераларымен визуалды бақылауға алынады.

"Ахуалды бақылау үшін министрлікте Жедел штаб жұмыс істейді. Бұған ұқсас штабтар барлық өңірде ашылады. Жалпы министрлік "Республика күні" азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртіпті қамтамасыз етуге бар күшін салады", — деді ол

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ