Күн сайын 150 қазақстандық банкрот деп танылып жатыр

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке адамдардың банкроттығы рәсіміне қатысты түсінік берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Биылғы 3 наурыздағы банкроттық туралы заң аясында тиісті жұмыстар іске асырылып жатыр. Осы күннен бастап өтінімдерді қабылдай бастадық. Заңға сәйкес, тексеру жүргізуге жарты жыл уақыт қарастырылған. Бұл тұрғыда біз наурызда (өзін банкрот деп жариялағысы келетін адамнан – автор) бірден өтінімді қабылдап, банкрот деп жариялай алмаймыз. Дәл қазір жартыжылдық мерзім өтті. Енді банкрот деп жариялау процедурасы жүріп жатыр. Алғашқы күндері адамдардан түскен 370-тен аса өтінімді қарастырып, оларды банкрот деп жарияладық», — деді Е. Біржанов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, күн сайын банкроттардың тізіміне 100-200 адам қосылып отырады. Жалпы соттан тыс банкроттық рәсіміне 65 мың Қазақстан азаматы өтінім берді.

«1 қыркүйектегі жағдай бойынша 10 мың адам банкрот деп жарияланауы мүмкін, бұл адамдар біртіндеп тізімге қосылып отырады. Алайда өтінімдер күн сайын түсіп жатыр. Тізім толықтырылады. Осы 10 мың адамның шамамен 400-ге жуығын банкрот деп таныдық. Күн сайын банкрот тізіміне 100-150 адам қосылады», — деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жеке адамдардың банкроттығы аясында наурыз айында өтініштер қабылдау басталды.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ