Желіде тыр жалаңаш жүгіріп жүрген ер адамның видеосы тарады


Әлеуметтік желіде ер адам көшеде жалаңаш жүгіріп жүрген видео тарады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кадрларда тыр жалаңаш ер адамның артынан полицей қуып бара жатқаны көрінеді. Тіпті видеодан ер адам жалаңаш жүгіруге шыққандай көрінеді.

Желі қолданушылары арасында видео қызу талқыға түскен.

"Жарнамаға түскендей кетіп бара жатыр", "Полиция қызметкері қуып бара жатқан жоқ, бірге жүгіріп бара жатқан секілді", "Жазда соңғы рет күнге күйіп жатыр", "Бүгінгі лук: анадан туғандай кейіпте болу", "Ұйқыдан тұра сала жүгіруге шықтым", — деп жазған олар.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті мәліметінше, бұл екі ай бұрын болған оқиға.

"Ер адамға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", — делінген хабарламада.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ