Министрге донор болу туралы сұрақ қойылды

Мәжілісте денсаулық сақтау министріне "қайтыс болғаннан кейін донор болу" қаншалықты тиімді екені туралы сұрақ қойылды.

"Қоғамдық денсаулық сақтау туралы" кодексте келісім презумпциясы деген ұғым бар. Бұл көзі тірісінде ағзасын алуға тыйым салмаған әрбір дені сау қазақстандық қайтыс болғаннан кейін әлеуетті донор ретінде қарастырылатынын білдіреді. Бірақ ағзаны алу жұбайының жазбаша келісімі немесе қайтыс болған адамның жақын туыстарының келісімімен ғана жүзеге асырылады.

Мәжіліс кулуарында денсаулық сақтау министріне бұл түзетудің қаншалықты тиімді екені туралы сұрақ қойылды.

"Халықтың пікірін білу, олардың дайын екенін түсіну үшін Денсаулық сақтау министрлігінде электрон тізілім бар, eGov арқылы кез келген адам өз еркін білдіре алады. Бүгінде 40 мың адам өз тілегін білдірсе, оның 15 пайызы тірі науқастарды құтқару үшін ағзасын беруге келісті.

Бұл жұмыстарды, ірі ақпараттық жұмыстарды жүргіземіз. Желтоқсанда ауқымды трансплантациялар болды, екі донор, тоғыз адам. Біз барлығынан ұсыныстар жинап жатырмыз. Заң жобасын жасап, қоғаммен бірге боламыз", — деп жауап берді ол.

Журналистер министрден "қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісе ме" сұрады.

"Келісемін, тілегімді білдірдім", — деп жауап берді Ғиният.

Сурет: KZgovernment

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ