Семейде 400-ге жуық каратеші қала көшелерінде жүргіріп өтті

Спортшылар жыл сайынғы дәстүр бойынша орталық көшелерде саппен жүгірді.

Спорттық шара 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орайластырылып, есірткіге қарсы акция ретінде ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, бұл спорттық шара биыл 27 рет өтуде.

"Жыл сайын бұл шараны біз 1 мамыр күні өткізетінбіз. Биыл 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде ұйымдастыруға шешім қабылдадық. Себебі спортпен шұғылданып жүрген тәрбиеленушілерімідің дені күштік құрылымдарда, полицияда қызмет етуге шешім қабылдайды. Сондықтан, оларға кішкентай кездерінен отансүйгіштікті, қайрат пен жігерді үйретуге талпынамыз", — деді бас бапкер Серік Қайратұлы.

Айта кетерлігі, бұл шараны облыстық спорт басқармасы, Полиция департаменті, мәслихат депутаттары қолдады. Олар спортышлармен бірге орталық көшелерде саппен жүгіріп, Жеңіс саябағына келді. Ол жерде спорт шеберлері карате жаттығуларын көрсетіп, шеберлік сабағын өткізді.

"Мен каратемен 5 жасымнан бастап айналысудамын. Бұл жерде мен күресуді ғана үйренген жоқпын, сондай-ақ денсаулығым мықты болды, тәртіпке үйрендім. Көптеген додаларда жеңіспен оралғанда ата-анам, достарым мақтан тұтатынын айтады. Мен үшін бұл жаңа жетістіктерге жетуге серпін береді", — дейді жас спортшы Алина Нариманова.

Орталық көшелерде саппен жүгіру кезінде спортшылардың қауіпсіздігін полиция басқармасының қызметкерлері қамтамасыз етті. Ал жедел жәрдем станциясының медицина қызметкерлері жарақат алған жағдайда бірден көмек көрсету үшін, спортшылардың артынан жүріп отырды.

Махаббат РИЗА

Сурет автордікі

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ