Сенат Жоғарғы Сот судьяларын отставкаға жіберді

Сенат депутаттары Жоғарғы соттың бірнеше судьясын қызметінен босатты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының судьяларды қызметінен босату туралы ұсынысын Жоғарғы Сот кеңесінің тТөрағасы Денис Шип оқыды.

"Сіздердің қарауыңызға Мемлекет басшысының Жоғарғы Соттың судьялары Ақылтай Ахмеджанұлы Қасымовты, Альфия Сағдуловна Савинованы, Айгүл Әнуарбекқызы Сапарованы отставкаға кетуіне байланысты, сондай-ақ Ербол Жұқатұлы Исмаиловты басқа қызметке тағайындалуына байланысты қызметінен босату туралы ұсынысын енгіздік", — деді Денис Шип Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, судьялар Савинова мен Сапарова зейнеткерлік жасқа толды, судья Қасымов судья лауазымын атқарудың ең жоғары жасы – 67 жасқа толды.

Депутаттар судьяларды қызметінен босатуға бірауыздан қолдап дауыс берді.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ