Шымкентте өз ісінің сарапшылары шеберлік дәрістер, жастар мен оқытушыларға арналған тренингтер өткізеді

2023 жылғы 11-13 қазан аралығында Шымкент қаласында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндері өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры бұл күндері тегін өткізетін шеберлік дәрістері мен тренингтер, журналистика, шешендік өнер, музыка, IT және т.б.салада құнды білім беруге бағытталған.

12 қазан күні сағат 10.00-ден бастап «Талант №1» жекеменшік орта мектебінде (Жангелдинкөшесі, 13) пікірталас бойынша тренингтер жалғасады.

Сағат 10.00-ден бастап осы мектепте оқытушы-робототехниктерге арналған спорттық робототехника бойынша оқыту курсы өтеді. Курсты еліміздегі жетекші спорттық робототехника мектептерінің бірі – «Роботек» мектебінің мамандары жүргізеді.

Сағат 14.00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде (Тәуке хан даңғылы, 5) пиар-маман және қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер Оксана Әубәкірова «БАҚ үшін материалдарды кәсіби түрде дайындау және әлеуметтік желілерде таратудың ерекшеліктері» атты шеберлік дәріс өткізеді.

Сағат 16.00-ден бастап музыкалық колледжде (Октябрьская көшесі, 30) «Астана Опера» мемлекеттік академиялық опера театрының опера труппасының жетекші солисі, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының лауреаты Татьяна Вицинскаяның шеберлік сыныбы өтеді.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ