"Екі балаға 23 мың теңге алимент аламын": Танымал әнші экс күйеуімен қазіргі қарым-қатынасы туралы айтты

КешYOU тобының экс солисі Элизат Берікова ажырасуының себебін айтты.

Бұл туралы ол "Мамский әңгіме" подкасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біздің ажырасуымызға измена себеп болды. Ол туралы айтқым да, есіме алғым да келмейді. Қазір балалар үшін араласамыз. Керек кездерде сөйлесеміз. 23 мың теңге алимент төлейді. Нақты осы ақша, одан басқа ештеңе беріп көмектеспейді. Сондай папалар да бар. Егер де мен ер адам болатын болсам, мен кетейін мына үйден сен қал, сен баламен қайда барасың деп айтатын едім. Солай айтса, мен де басқаша қарап, ойымды өзгерт етін едім. Ал ол бұл менің үйім, кетсең сен кет деді. Енем де баласын қолдады. Балаларымды жинадым да кеттім. Құдайға шүкір, ата-анам бар", — дейді әнші.

Дегенмен, ол арада уақыт өткен соң күйеуі қайта қосылуға ниет танытқанын да жасырмады.

"Кейіннен қосылайық, кешір деп келді. Бірақ мен егер бір шешімді қабылдасам, одан айнымаймын. Мен үшін ол адам жоқ. Қазір қай жерде тұратынын, жұмыс орнын да, көлігін де білмеймін. Білгім де келмейді. Себебі, бәрі бітті, кетті. Мүмкін оған сол 23 мың теңге ақша шығар. Білмеймін, бір күні түсінетін шығар. Балаларды папаларына жіберіп тұрамын", — дейді ол.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ