Зейнетақы қоры жеке капитал мен мүлікке инвестиция жасайды

Ұлттық қор мен БЖЗҚ-ның жоғары кірісті активтерін шетелдік нарықтар арқылы көбейту жоспарлануда. Бұл жөнінде LS-тің ресми сауалына Ұлттық банк жауап берді.

Ведомствоның мәліметінше, инвестицияның негізгі бағыты – дамыған елдердің компания акциялары, дамушы нарықтардың облигациялары, корпоративтік бондтар, сондай-ақ, баламалы құралдар: жеке капитал , жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым, хедж-қорлар мен бағалы металдар.

"Қазіргі кезде Ұлттық банк БЖЗҚ активтерінің ұзақ мерзімді нақты табыстылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды қолға алды. Бұл мақсатта валюталық портфельдің құрылымы қайта қаралып, кірісі жоғары активтердің үлесін ұлғайту және жеке капитал, инфрақұрылым, жылжымайтын мүлік қорлары мен хедж-қорлар сынды баламалы инвестиция құралдарын енгізу жоспарлануда", — делінген банк мәліметінде.

Бұл қадам тек табыстылықты арттырып қоймай, активтер портфелінің тұрақтылығын күшейтуге, тәуекелдерді әртараптандыруға және жария нарықтардағы құбылмалылық пен циклдік тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сонымен бірге, қазір Ұлттық банк сенімгерлікпен басқарып отырған зейнетақы жинақтарына қандай қаржы құралдарын сатып алуға болатынын реттейтін тізім де қайта қаралып жатыр.

2019 жылдан бері Ұлттық қор активтері теңгерімді портфель үлгісіне кезең-кезеңімен көшіп келеді. Бұған дейін қолданылған консервативті модель (80% – облигациялар, 20% – акциялар) өзгертіліп, жоғары кірісті активтердің үлесі едәуір ұлғайды.

Алдағы уақытта баламалы инвестициялардың үлесін 3%-дан 5%-ға дейін арттыру көзделіп отыр.

"Жалпы Ұлттық қор мен БЖЗҚ активтеріндегі жоғары табысты құралдардың үлесі шетелдік нарықтарға бағытталған инвестициялар есебінен арттырылады", — деп түйіндеді Ұлттық банкте.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ