"Бұрынғы жігітім қоқаң-лоқы көрсетуде": Анна Данченко көпшіліктен көмек сұрады

Танымал журналист, тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желіде оқырмандарынан көмек сұрады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналистің айтуы бойынша, бұрынғы жігіті қарызға ақша алып, бірнеше жыл бойы қайтарудан бас тартқан. Кейінгі кездері тіпті қоқаң-лоқы көрсетіп, қорқытқан көрінеді.

"Шыдамның да шегі бар. Үндемедім. Күттім. Сотқа жүгінуден басқа амалым қалмады. Бұрын жүрген жігітім ағасының еміне қарызға ақша сұрады екі аптадан кейін қайтарамын деп. Ол кезде бірге едік. Екі жыл өтті. Жақында ғана анамның еміне қажет ол ақша деп сұрадым. Оған бәрібір екен менің анамның денсаулығы. Әкемді жерлейтін кезде де өз ақшамды сұрадым. Қайтармады. Енді сұрасам, мені қорқытып жатыр. Жігіттің өзі қарыз бола тұра қыз балаға қоқаң-лоқы жасап, қорқытуы дұрыс па? Нағыз ер адам осылай жасай ма? Ия, мен табиғатынан нәзік, әйел адаммын. Бірақ, мен өзімді бұлай басындырып қоймаймын. Сотта кездесеміз дедім, күлді. Енді маған мықты юрист, адвокат керек. Маған қазір анамның денсаулығы маңызды. Мен соңына дейін барамын. Мен ол ақшаны өзімнің адал еңбегіммен тапқанмын. Қорытынды: ешкімге ешқашан қарызға ақша бермеңіздер", — деп жазды ол.

Журналист Instagram Stories-те бұрынғы жігітінің өзіне жазған хабарламасын да жариялады.

"Адамдарға көмектессең осындай жағдайға тап боласың. Егер маған бір жағдай бола қалса біле жүріңіздер. Мен оның парақшасын белгілеп, төмендемеймін. Жақындарым кім екенін біледі", — деп жазды Анна Данченко.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ