"Кредит алып той істемеймін, ол - ақымақтық": Шетел қазағы қарызға белшесіне батып, аста-төк той жасайтын жергілікті қазақтарды сынап тастады

Шетелдегі қазақтар қарызға той жасап, кейін кредит төлеп әлек болатын жергілікті халықты сынға алды.

Айтуларынша, мұндай қадамға бару — барып тұрған ақымақтық, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы Кельн қаласындағы қазақ қауымдастығының төрайымы Садия Сюрер әңгімелеп берді.

«Кредит алып, той істемеймін, маған ол ақымақтық. Кешіресіз, ол үлкен ақымақтық, ол кредитті ертең мен, бала-шағам төлейді. Сол уақыттың қызығын кім көреді сонда? Мен жағдайым неге жетсе, мен соны істеймін. Одан артық істемеймін, егер олар шоу көруге келсе, онда олар менің достарым, құрметті қонақтарым емес. Менің қонағым, менің достарым біріншіден мені сыйлап келу керек", — деп кесіп айтты шетел қазағы.

Немістер тіпті барлық тойға бір ғана классикалық киімді киіп жүре береді.Қазақстандағы қазақтардың бір бірімен жарысып той жасауын түсіне алмайтынын айттыСадия Сюрер

Көпшілік Германия қазағының бұл сөзін қолдаған. Олар:

"Дұрыс айтасыз, бір ойланатын болды ғой осы жайлы біздің қазекеңдер", "Кредит алып той жасап далада қалған отбасыларды білемін, өте өкінішті. Көп адамға той жасау мен үшін түсініксіз", "Кредит алып той жасап көрмеппін, бірақ керегімізді кредит алып бүтіндеп отырмыз, айлық аз тамақ қымбат" деп жазды желі қолданушылары.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ