Астана–Алматы және өзге 3 автожол биыл толық ашылады – министр

Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары жүріп жатқан Астана–Алматы, Атырау– Астрахан, Ақтөбе–Қандыағаш және Талдықорған–Өскемен автожолдарында қозғалыс толық ашылады.

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың өңірлерге сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен демалыс күндері Марат Қарабаев Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында болып, маңызды көлік инфрақұрылымы нысандарын аралап көрді.

Атап айтқанда, сенбі күні Көлік министрлігінің басшысы Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады. Сонымен бірге Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың және Ақтөбе мен Қандыағаш теміржол вокзалдарының жұмысымен танысып, «Ақтөбе-Қандыағаш» және «Қандыағаш-Мақат» автожолдарын жаңарту жұмыстарының барысын бағамдап қайтты.

Сондай-ақ министр жолдарды қайта құру жобаларында көзделген 22 жаңа көпір мен жол өтпелерінің құрылысын тексеріп, мердігер ұйымдармен бірнеше жиналыс өткізді.

Жексенбіде ведомство басшысы Атырау облысының әкімшілік орталығын Каспий теңізінің порттарымен байланыстыратын «Орал-Каспий каналында» болып, Атырау қаласының темір жол бекетіне барды. Сонымен қатар «Атырау-Астрахан» автожолын жаңарту жұмыстарымен танысты.

Дүйсенбі күні министр күрделі жөндеуден өтіп жатқан Батыс Қазақстан облысындағы «Казталовка–Жәнібек–РФ шекарасы» және «Өнеге–Бисен–Сайқын» автожолдарын тексерді.

«Халық тарапынан бірнеше автожол жобасына қатысты алаңдаушылық туындап отыр. Олардың қатарында, Талдықорған – Өскемен, Астана – Алматы, Ақтөбе –Қандыағаш және Атырау –Астрахан жолдары бар. Биыл аталған автожолдардың бойында қозғалыс толық ашылатынын атап өткіп келеді. Келесі жылы бұл жобалар толығымен аяқталып, халық игілігіне пайдалануға беріледі», –деді министрлік басшысы БАҚ өкілдеріне сұхбат барысында.

Сондай-ақ М.Қарабаев облыс тұрғындары жиі көтеретін «Орал-Каспий каналының» түбін тереңдетуге қатысты сұраққа жауап берді.

«Біз облыс орталығынан өтіп жатқан Орал өзенінің Каспийге құятын жерінде жұмыс жүргізуіміз керек. Тиісті бюджеттік өтінімді Премьер-Министр қолдады. Сондықтан біз тереңдету қажет жерлерді көруге келдік. Олардың жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайды. Биыл және келер жылы аталған бассейнді сәйкестендіру бойынша үлкен жұмыстар басталады», — деді министр.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ