Сирияда соғысқан қазақстандықтың ұсталғаны хабарланды

27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 22 жастағы қазақстандық Ыстамбұлда ұсталды.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы “Адырна”-ға сілтеме жасап.

Күдікті Алматыға айдауылмен депортацияланды.

Ақпарат бойынша, Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кеткен. Онда жас жігіт қарулы топтардың біріне кірген.

Қазақстандықты отанына әкелу үшін ҰҚК түркиялық әріптестерімен бірлесіп, жұмыс істеді. Сондай-ақ Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі қолдау көрсеткен.

«Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 257-бабы («Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу») бойынша іс қозғалды. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.

Tema KZ

Tema KZ. Как, где и почем проводить досуг? На чем заработать и на чем сэкономить? Какие автомобили самые безопасные, также как и пластические операции и во сколько обойдется эта самая безопасность? Почему есть диеты, за которые мы не только переплачиваем, но еще и набираем вес? Образование – где максимальное соотношение цены и качества?  Как отстоять жилье, если его отбирают за невыплаты по ипотеке? Проводник ответов на эти и множество других насущных для современного человека вопросов – теперь здесь, на Tema KZ